Мексикада жол апатынан 41 адам қаза тапты

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
09.02.2025 12:21
541
Мексиканың оңтүстігінде жол апатынан 41 адам ажал құшты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Табаско штатында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы бетке шығып, автобуспен соқтығысқан. 2 көлік те толығымен жанып кеткен. Автобуста 48 адам келе жатқан.
Көз жұмғандар арасында 38 жолаушы және 2 көліктің жүргізушілері бар. Апат орнында құтқару және тазарту жұмысы әлі жүріп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жұлдыз Мұқағалиұлы: «Әкем балажан, мейірімді азамат еді..»
Келесі жаңалық
СҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары қарқынды жүргізілуде