Жаңалықтар

Меккеге қажылыққа барған 577 адам қайтыс болды

Меккеге қажылыққа барған 577 адам қайтыс болды
Фото: © Pixabay.com 19.06.2024 11:19 6666

Меккеге қажылыққа аттанған 577 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайтыс болғандардың 323-і Мысырдан, ал 60 адам Иорданиядан екені анықталды.

AFP мәліметінше, бұған аптап ыстық пен адам санының көптігі себеп болған.

Мысырлықтардың барлығы аптап ыстықтан көз жұмды. Тек біреуі жарақат алып қайтыс болды, - делінген мәліметте.

Ресми дерек Меккедегі Әл-Муайсем ауданындағы мәйітханадан алынған.

Елдің ұлттық метеорологиялық орталығы дүйсенбі күні Меккеде ауа температурасы 51,8 градусқа жеткенін мәлімдеді.

Сауд Арабиясы билігі биыл қажылыққа 1,8 миллион адам келсе, соның 1,6 миллионы өзге елдерден екенін алға тартты.

Ал былтыр қажылыққа келген 240 адам көз жұмса, 2015 жылы бұл сан 2 мыңнан асқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға