Жаңалықтар

Медициналық ЖОО студенттерінің стипендиясы көбейді

Медициналық ЖОО студенттерінің стипендиясы көбейді
Фото: pixabay.com 06.01.2023 09:51 1119

2022 жылы республикалық бюджеттің есебінен 4700 білім беру гранты бөлінді, Оның 1500-і резидентура үшін деп хабарлайды El.kz ақпараттыққ агенттігі.

2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттің есебінен резидентура гранттарының санын 2500-ге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Біздің университеттерді өз клиникалық базаларымен қамтамасыз ету мақсатында 6 университеттік аурухананың құрылысын іске асыру басталды. Бұл дәрігерлерді практикаға бағдарланған даярлауды қамтамасыз етуге, университеттердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және ғылымды, озық технологиялар мен білім беру процесін интеграциялау арқылы университеттік клиникаларға республикада денсаулық сақтауды дамытудың драйвері болуға мүмкіндік береді, - деді Дәулет Алдыңғұров.

Сондай-ақ, Президент пен «Аманат» партиясының тапсырмасы бойынша шәкіртақы айтарлықтай ұлғайтылды. Мысалы, бакалавриат үшін ол 2 есеге жуық, интерндерде 25%-ға, резиденттерде, магистранттарда, докторанттарда 2021 жылы 15%-ға ұлғайды. 

2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20%-ға ұлғайту жоспарлануда. Бұл жақсы оқуға қосымша серпін береді және біздің ЖОО-ларға мықты талапкерлерді қосымша тартады, - дейді ДСМ ҒАРД директоры Дәулет Алдыңғұров.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдан бастап өңірлер өтінімдерінің негізінде резидентурада гранттарды бөлуді енгізді. 

Бұл денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық саясатын сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. 2022 жылғы 8 ақпанда салалық біліктілік шеңбері бекітілді. Осы оқу жылынан бастап санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын даярлаудың 5 жылдық бағдарламасы енгізілді. Сондай-ақ, 21 кәсіби стандартты әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс жалғасуда және 2023 жылы 36 кәсіби стандарттарды әзірлеу және өзектендіру жоспарлануда. 

Министрлік медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Мәселен, биыл ҒАРД бюджеттік бағдарламасының шеңберінде 4200 дәрігер, оның ішінде 138 шетелдік және 2650 мейіргерді оқыту ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға