Жаңалықтар

Медицина саласының жас ғалымдары арасында ашық жобалар сайысы өтті

Қазақстан Медицина Жастарының Ассоциациясы (KazMSA) – бұл Қазақстан медицина жастарын бір шаңырақ астына біріктірген, тәуелсіз, саяси және коммерциялық емес Қазақстандағы ең ірі әрі беделді ұйым.
08.05.2015 06:43 10752

2015 жылдың  4-6 мамыр күндері  Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақстан Медицина Жастары Ассоциациясының Ұлттық Ассамблеясының үшінші отырысы және студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы өтетін Халықаралық ашық жобалар сайысы өтті. 

Медицина саласының жас ғалымдары арасында ашық жобалар сайысы өтті

Қазақстан Медицина Жастарының Ассоциациясы (KazMSA) – бұл Қазақстан медицина жастарын бір шаңырақ астына біріктірген, тәуелсіз, саяси және коммерциялық емес Қазақстандағы ең ірі әрі беделді ұйым. Бұл ұйымның әрбір мүшесі IFMSA (Халықаралық Медицина Ассоциацияларының Федерациясы) шеңберінде жұмыс атқаратын 119 мемлекетке Қазақстанды танытуға тікелей ат салыса алады. Олар еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына серпін береді және бұл шаралар ұйымның алға қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Ассамблея отырысына Нигерия, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Татарстан елдерінен және Қазақстан Республикасының барлық медициналық жоғары оқу орындары мен технологиялық университеттерінен келген 150-ден астам студенттер мен жас ғалымдар қатысты.

Медицина саласының жас ғалымдары арасында ашық жобалар сайысы өтті

Ал, Ливан, Сирия, Индонезия, Тайвань, Швейцария, Тунис, Сингапур, Үндістан және т.б. елдерден келе алмай қалған медицина жастары, өз бейнесалемдемелерін жолдады.

Ассамблея отырысының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу әдістемелік істер жөніндегі вице-президенті Берік Ахметов қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, Ассамблея жұмыстарына сәттілік тіледі.

Үш күнге созылған Ассамблея отырысының екінші күні өткен Ашық Халықаралық жобалар сайысы шараның маңыздылығын арттыра түсті. Жобалар сайысына Қазақстан Республикасының барлық медициналық жоғары оқу орындарынан келген 48 студент  үш секция бойынша қатысты:

  1. Медициналық және фармацевтикалық білім беруді жақсарту және оңтайландыру жобалары:
  • медицинаны гуманитарлық ғылымдармен байланыстырушы жобалар;
  • медицинаны жаратылыстарну ғылымдарымен байланыстырушы жобалар;
  • медицинадағы ІТ.
  1. Барлық салалар бойынша жасалынатын ғылыми жобалар.
  2. Бизнес жобалар.

Жүлделі орындарды С.Ж.Асфендияров атындағы  Қазақ Ұлттық медицина университеті, Қарағанды Мемлекеттік медицина университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті, Семей Мемлекеттік Медицина Университеті және Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері иеленді. Жобалар сайысы ректордың кешкі қонақасымен жалғасты. Ассамблеяның жабылу салтанатына университет президенті У.С.Әбдібеков, вице-президенттер Б.Б. Ахметов, Т.П. Райымбердиевтер қатысып, қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, Ассамблея жұмысына қатысушыларға сертификаттар мен университеттің арнайы естелік сыйлықтары тарту етілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға