Жаңалықтар

Медиация: өзекті мәселелер және даму перспективалары

Медиация: өзекті мәселелер және даму перспективалары
25.09.2018 12:19 2340

25 қыркүйек күні Қарағандыдағы Достық үйінде «Медиация: өзекті мәселелер және даму перспективалары» тақырыбында   «Қазақстан-2050» облыстық демократиялық күштер коалициясының өңірлік отырысы өтті.

Алқалы басқосуға коалиция мүшелігіндегі партиялардың жетекшілері мен белсенділері және де кәсіби медиаторлар қатысты. Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, еліміздің жетекші саяси партияларының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ірі қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, барлық әлеуметтік топтар мен аймақтардың мүддесін білдіретін өкілдері болып табылады. Аталаған басқосуда  медиация институтының жұмысы мен оны дамыту мәселелері көтерілді. Қазіргі уақытта Қазақстанда медиация институтының жұмысы белсенді түрде жүргізілуде. Оның маңыздылығы туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР «Медиация туралы» Заң қабылданған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында  Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысының маңызды бағдары — қоғамдық келісім кеңестері, қайырымдылық және медиация жұмыстарын күшейтуі қажет, — деп тапсырма берген болатын. Елбасы осы мәселеге үлкен зер салып, медация тәсілі адам құқықтарын ең қымбат қазынасы ретінде қастерлейтінін, мемлекеттің алғы шарты болу тиіс екенін атап көрсеткен болатын. Сондықтан елдегі медиация институтының дамуына барынша қолдау көрсетіліп, медиацияның кеңінен қанат жаюына ықпал ету қажет, — деді. Өйткені медиацияның біздің елімізде болашағы өте зор.

«Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алынуы құптарлық жайт.   Елбасы Жарлығымен 2011 жылы қабылданған Заң толыққанды, кідіріссіз жүзеге асуы үшін бақылауда болуы қажет. «Медиация туралы» заңның қажеттілігі мен оның дамуы өркениет көшіне  бет түзеген қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының бірден-бір көрінісі екендігін айғақтайды, - деді шараны ашқан «Нұр Отан»  партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қадиша Оспанова.
Отырыста коалиция мүшелері түрлі пікірлерін білдірді. Мәселен, №3 Октябрь аудандық сотының медиатор-соты   Д. Мутубаева, Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ  медиация бөлімінің басшысы А. Оспан мен кәсіби  медиатор  А. Пак өз баяндамаларында бітімгерлер қандай жұмыс жасап жатыр, нәтижесі қалай екенін мысалдар арқылы көрсетті  және «call-центр» орталығын ашуды ұсынды. Айтуларынша, барлық тұрғындар қоңырау шалу арқылы өз мәселесіне тұшымды жауап алады,-деді. «Бүгін отырыста көптеген қажетті әрі қызықты ақпарат естіп білдік. Жалпы, қазір қоғамда медиаторлардың көмегіне жүгінуді жөн санап жатыр. Біріншіден олар уақытын үнемдейді,  екіншіден жүйкесін тоздырмайды. Жақсы көрсеткіш көрсетіп жатқанын айта кету керек»,- деп атап кетті Д. Мутубаева.
«Медиация жұмысы – дауды шешу кепілі». Сондықтан бүгінгі танда медиаторлардың қоғамдағы орны артып келеді.  Қазақстанның әр аймағында "Медиацияны дамыту орталығы" республикалық қоғамдық бірлестігі бар.  
Кәсіби медиатор, спикер Ермек  Әбілдин өз сөзінде былай деді: «Мемлекет – отбасынан басталады. Сондықтан кез-келген дау-дамайды бейбіт түрмен шешіп, көмегіміз тиіп жатса медиацияның оң нәтиже беріп жатыр дегені. Бір отбасыны болса да сақтап қалсақ, медиаторлардың қоғамда орны қажет деп айтқым келеді».
Жиын соңында қатысушылар өңірде медиаторлардың сұранысын арттыру қажет деген ойларын білдірді. Сонымен қатар қоғамда медиаторлардың танымалдылығын артыру, тұрғындарға ұсақ қылмыстарды шешуде медиацияның тиімділігін көрсету қажет екендігі айтылды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға