Жаңалықтар

Медиация күні

Медиация күні
03.08.2018 07:00 2491

Ағымдағы жылдың 3 тамызда Алматы қаласы Достық үйінің баспасөз залында Республикалық бірыңғай медиация күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ҚХА кафедраларының өкілдері, Алматы қалалық және аудандық соттарының, кәсіподақ өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Алматы қаласы прокуратура органдарының қызметкерлері, медиация орталықтарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері және басқалар қатысты.

Іс-шара аясында қалалық және аудандық соттар, прокуратура органдарының, Алматы қаласы ЭМБ өкілдері мен ҚХА құрылымдары өкілдерінің баяндамалары дайындалды. Сонымен бірге, іс-шара барысында, медиациялық көмекті қажет еткен қала тұрғындары, түрлі мәселелер бойынша кеңес алды.

Баяндамалар Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Казбек Мамсуров алғы сөзінен басталды. Ол қатысушылармен сәлемдесіп, медиацияның этносаралық дауларды реттеу құралы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Содан соң, сөз іс-шара модераторы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚХА кафедрасының меңгерушісі Болысбек Батталхановқа берілді. Болысбек Заманбекұлы іс-шараға келгендерге медиацияның мағынасын, мақсатын және маңыздылғын түсіндіріп, медиативтік келісімдерді жасау мен медиация үрдісінің кезеңдеріне тоқтап айтты.

Кейін сөз баяндамашылардың өздеріне берілді. Іс-шарада баяндамаларын ұсынғандар: Шахисмаил Асиев — «Ахысқа» республикалық түрік этномәдени орталығы жетекшісінің орынбасары; Камчат Умбеталиева — Медеу аудандық сотының судьясы; Всеволод Лукашев — Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы; Сегізбай Ержігіт – кәсіби медиатор. Баяндамашылардың барлығы заманауи әлемдегі медиацияның маңыздылығына тоқталып, медиация қызметінің қағидаларын түсіндірді және өз жұмысы аясында медиация үрдісінің ерекшеліктерін атап шықты.

Баяндамалармен бірге, журналисттер мен БАҚ өкілдеріне арналған медиация бойынша мастер-класс ұйымдастырылды. Мастер-класс барысында медиация үрдісінің БАҚ аясындағы ерекшеліктері түсіндірілді.

Ары қарай бағдарлама бойынша, еңбек, заң және басқа даулар бойынша кеңесті қажет еткен халықты қабылдау басталды. Қабылдауды Медиацияны дамыту орталығының, прокуратура органдарының, кәсподақтардың және соттардың өкілдері жүргізді. Іс-шара барысында консультациялық көмекті алуға 12 азамат келді. Олардың барлығына еңбек даулары, сот шешімдерін жүзеге асырмау мәселесі, жер қатыснастары бойынша даулар, баспаналық даулар мен құқыққорғау органдарына арыздану мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді. Жалпы іс-шараға 150 адам қатысты. Олардың арасында зейнеткерлер, мекемелер қызметкерлері,өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, студенттер, мүгедектер және басқалара бар.

Іс-шара маңызды көмек алған азаматтардың алғыстарымен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға