Жаңалықтар

Медиация күні қарсаңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясында облыстық семинар өткізілді

Медиация күні қарсаңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясында облыстық семинар өткізілді
02.08.2018 05:00 1510

Ағымдағы жылдың 1 тамыз күні ҚХАА-да Республикалық Бірыңғай Медиация күні қарсаңында «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік салаларындағы медиация институтының рөлі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

2018 жылғы 27 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР-ның Заңына өзгертулер енгізуге қол қойып, соның арқасында Ассамблея қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік салаларында медиацияны дамыту ісіне жәрдемдесу механизміне айналды.

Семианар жұмысына Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржанов, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеғұл Ғосман, Ақмола облысы кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Ләззат Есжанова, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бойынша өңірлік директоры Асқар Әміржанов, сонымен қатар судьялар, түрлі мемлекеттік мекемелер, азаматтық қоғам институттарының, кәсіподақ мекемелерінің өкілдері, ҚХАА-ның жанындағы құрылымдардың мүшелері, облыс аудандары мен қалаларынан келген кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

 Облыстық семинар шеңберінде қоғамның кіші бөлшегі саналатын отбасылық даулардан бастап, мемлекеттік көлемдегі маңызы бар еңбек, азаматтық, экономикалық және өмірдің басқа да салаларындағы даулар мен жанжалдар мәселесі талқыланды.

Іс-шара соңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары Галлямов Ринат қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтауға қосып келе жатқан үлестері үшін семинар қатысушыларына ризашылығын білдіріп, өңірдегі медиация институтының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірнеше тұлғаға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға