Жаңалықтар

Медиа саласында күш біріктірмей мәдени құндылықты сақтау мүмкін емес

Медиа саласында күш біріктірмей мәдени құндылықты  сақтау мүмкін емес
Фото: El.kz 20.12.2022 16:18 1866

Медиа саласында күш біріктірмей мәдени құндылықты ұзақ уақыт сақтау мүмкін емес. Осы бағытта БАҚ-ты дамыту бойынша сарапшылар ортақ платформа құрудың перспективалары жайлы баяндады. Медиа саласының даму тенденциялары мен перспективалары талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Империялық мемлекеттердің жасаған зерттеулері бойынша обьетивті пікірін еске алсақ, дәстүрі мен мәдениеті ұқсас елдер бір бағытта жүруі қажет. Адам мен саясатты және де екі елдің халқын бір-бірімен байланыстыратын БАҚ жаңа деңгейге өтуі үлкен қадам. Біріге отыра ақпаратпен алмасу жеңілдеп, тұтастықты нығайтамыз» - деді Өзбекстан Ұлттық медиа қауымдастығының басқарма төрағасы Шерзодхан Кудратжанов.

Медиа платформаның басты мақсаты - ұлтаралық бірегейлікті сақтау болып табылады.

«Медиа саласындағы қарым қатынасты дамыту бізге үлкен күш береді. Сонымен қатар жалған ақпараттармен жұмыс жасау жеңілдейтін болады. Себебі бұл мәселені жекешеленіп шешу мүмкін емес. Азия мемлекеттері біріге отыра маңызды декларация құру арқылы жаңа деңгейге көшеміз. Аудиторияның сана сезімін жақсы жаққа өзгерту арқылы көршілес мемлекеттерге сеніммен қарауға мүмкіндік береді» - деді медианы дамыту агенттігінің атқарушы директоры Ахмед Исмаилов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға