Жаңалықтар

Медиа саласында білім беру жүйесі өзгереді

БАҚ өкілдерін оқытуға өзгерістер енгізілмек
Медиа саласында білім беру жүйесі өзгереді
Фото: jrnlst.ru 21.12.2022 17:52 2430

Әлеуметтік медиа мен дәстүрлі медианың бір ақпаратты беру тәсілі әртүрлі. Баспасөз өкілдерін дайындау кадрларына түбегейлі өзгеріс енгізілуі мүмкін. Бұл туралы панельдік сессияда ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе жаңа бағдарламар қолға алынып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазіргі таңда республикада 27 ЖОО журналистика мамандығы бойынша 4500 студент даярлауда. Сонымен қатар, «Болашақ» бағдарламасы аясында 100-ден астам маман медиа бойынша әлемдік деңгейде білім алып, елге келіп жұмыс жасап жатыр. Осы ретте спикер ортақ медиа порталда алдыңғы қатардан көріну үшін жас мамандар арасында трендке бейімділікті арттыру қажеттігін атап өтті.

«Медиа кеңістікте жалған ақпараттарға жол бермес үшін мамандардың сауаттылығын арттыру қажет. Мемлекет пен қоғам арасындағы қақтығыстардың барлығы біліктіліктің төмендігін көрсетеді. Жаһандық трансформация кезеңінде салалар күнделікті өзгерістерге ұшырап жатыр. Жас мамандардың бәсекелестікке қабілеті жоғары болу үшін барлық мамандыққа IT саласын үйреті қажеттелігі туындап отыр. Былтырдан бастап «Мамандығым болашағым» жобасы іске асуда. Павлодар өңірінде жаңа кәсіптер мен құзыреттердің өңірлік атласын әзірледік. Осылайша, біз аймақтық қажеттіліктер үшін ескі білім беру бағдарламаларын өзектендіретін боламыз», - дейді Қуаныш Ерғалиев.

Журналистика саласында жоғалып бара жатқан журналистік зерттеу бағытын қайта жандандыру мақсатында білім беру бағдарламаларында өзгерістер енгізілді. Форум алаңына баспасөз өкілдерінің өкілеттілігін жоғарылату үшін жаңа заңнамалық негіздер қарастырылуы қажеттігі жайлы дискуссия туды.

«Ғылыми журналистика жоғалып бара жатқандығын жасыру мүмкін емес. Мысалға, короновирус індеті жайлаған кезде тым көп жалған информациялар жарық көрді. Кейбір ақпараттардың кесірінен қаза тауып жатқан адамдар да болды. Осы ретте журналистикалық зерттеу миллиондаған адамның өмірін сақтап қала алады деп қорытындылауға болады. Сондықтай БАҚ трансформациялау кезінде ғылыми журналистика мен жедел журналистиканы екіге бөліп, екі сала ретінде қарастыру қажет», - деді Марат Фатхулин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға