Жаңалықтар

«Media Net» сарапшысы журналистерге ерекше статус беру керек еместігін айтты

«Media Net» сарапшысы журналистерге ерекше статус беру керек еместігін айтты
Фото: facebook.com/duman.smakov 19.06.2023 15:00 1228

Мәжілісте «Масс-медиа» туралы заң жобасына қатысты біраз олқылықтар айтылды. Мысалы, «Media Net» халықаралық журналистика орталығы директорының орынбасары Думан Смақов әлі күнге заңға қатысты айтқан өтініштері ескерілмей жатқанын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 Дәл осы заңның 25-бабы бірінші тармағында журналистердің ерекше статусы жайлы айтылады. Өзім де журналиспін. Журналист үшін ерекше статус деген ең бірінші ақпаратты объективті түрде шынайы жеткізу және оны жеткізе отырып, азаматтардың кері байланысын алу. Яғни, халық пен билік арасына көпір болу. Журналистерге ерекше статус беру арқылы басқа мамандықты алалап, болашақта барлық мамандыққа ерекше статус берсек, онда ерекше статустың не мағынасы не мәні қалады?, – дейді Думан Смақов.

Ол бұдан өзге баспасөз картасына тоқталып өтті. Айтуынша, АҚДМ осы заңға анықтама берген кезде Түркияның және Еуропалық Одақ елдерін мысал ретін алған көрінеді.

Халықаралық сөз бостандығы рейтингінде Түркия 149-шы орында, ал Қазақстан 122-ші орында. Сонда біз кері тұрған елден үлгі алатындай басымызға не жағдай көрінді? 2016-2019 жыл аралығында Түркияда тұтқынға алынған журналистер саны бойынша әлемде көш бастап, алғашқы үштікке енген. Сонда біз тәуелсіз журналистердің бәрін қамамақпыз ба?!, – деді «Media Net» халықаралық журналистика орталығы директорының орынбасары.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға