Жаңалықтар

Медеудегі өрттің себебі анықталды

Медеудегі өрттің себебі анықталды
Фото: ҚР ТЖМ 08.05.2023 22:29 1243

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Іле-Алатауы ұлттық паркінде шыққан өрттің себебін атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әкімнің сөзіне қарағанда, өртті екі жас жігіт қойған.

Екі жас жігіт болған. Олар оқиға орнынан кетіп қалған. Қазір полициямен бірлесіп оларды іздестіріп жатырмыз. Тиісті тапсырма берілді, - деді Оразалин.

Таулы аймақта жел соғып, өрт тез таралған. Салдарынан қызыл жалын 8 мың шаршы метр жерді шарпыды. Бір құтқарушы көз жұмды. Тағы біреуі жарақат алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға