Жаңалықтар

Медеуде алғашқы қар жауды

Медеуде алғашқы қар жауды
Фото: Видеодан алынған кадр 13.10.2023 23:13 1316

Алматыға алғашқы қар түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желіде Медеуде жауған қардың видеолары тарады.

Метеорологиялық қызмет қалада жаңбыр мен қатты жел күтілетінін болжағанымен, түнде жаңбыр соңы қарға ұласты. Осы орайда Алматы қаласының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшкен.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда жауын-шашын таңға дейін жауып, оның мөлшері 10-15 мм жетуі мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға