Жаңалықтар

Медеу ауданының тұрғындарына су беру және тоқтату кестесіне өзгерістер енді

Медеу ауданының тұрғындарына су беру және тоқтату кестесіне өзгерістер енді
Фото: © Pixabay.com 31.07.2023 10:51 1007

Медеу ауданында суды беру мен тоқтатудың уақытша кестесі биыл 31 шілде сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жарамды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Медеу ауданының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтаудағы шектеу табиғи құбылыстарға байланысты. Бұрын хабарланғандай, аптап ыстық салдарынан мұздықтардың еруіне, сел және өзен жағалауларын су шаюға байланысты тау өзендерде бастапқы судың лайлануының өте жоғары концентрациясы сақталып отыр. Сондықтан су тазарту станцияларында су дайындауда қажетті су көлемін уақытша ала алмай жатыр. Суды зертханалық зерттеу сағат сайын жүргізіледі. Сүзгі станциясы арқылы тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін лайлылық деңгейі 30-40 мг/дм3 дейін төмендеуі керек. Қазіргі уақытта ол 170-340 мг/дм3 аралығында.

Резервуарлардағы суды жинау үшін әзірленген уақытша кесте қажет.

Кесте 31.07.2023-02.08.2023 ж.

«Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінің батысындағы Қаппаров көшесінде орналасқан «Трамплиндер» сорғы станциясының қосылуымен, сонымен қатар, Достық даңғылы 300 бойындағы №13 су жинау алаңында ауыз су деңгейінің жиналуына байланысты Тайманов, Иванилов, Игишев көшелеріндегі тұрғын үй құрылыстарына тәулік бойы су беру қосымша қалпына келтірілді. «Кочевники» сорғы станциясы қосылып, Жамақаев көшесінің оңтүстігіндегі тұрғын алабын сумен жабдықтау қалпына келтірілді (Мәшһүр Жүсіпов көшесі, 4, 5 , 6 көшелері).

31.07.2023, 01.08.2023, 02.08.2023 жылы мына аумаққа су беріледі:

Сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін әл-Фараби, Луганский, Чайкина, Тайманов көшелеріндегі көппәтерлі тұрғын үйлерге.

Сағат 19:00-ден 24:00-ге дейін Құрмет көшесінің оңтүстігінде (жоғарыда) орналасқан тұтынушыларға, оның ішінде «Юбилейный» ш/а, Каменск үстірті, Европолис ТҮК, Алем қалашығы, Алмалы ТҮК, Керей – Жәнібек хандар көшесінің екі жағындағы көппәтерлі тұрғын үйлер.

Сағат 13:00-ден 19:00-ге дейін және сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін резервуарларға су жинақталады.

Сумен қамтамасыз етудің көрсетілген кестесі табиғи құбылыстарға байланысты өзгереді. Барлық өзгеріс қосымша хабарланады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, мүмкіндігінше суаруды шектеуді және суды үнемдеуді сұраймыз.
Азаматтық тұрғындар үшін желіге берілетін су көлемін көбейту мақсатында суды көп тұтынатын нысандарға (көлік жуу, монша) су беру уақытша тоқтатылады. Әлеуметтік нысандар тәулік бойы тасымалданатын сумен қамтамасыз етіледі.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде су автоцистерналармен тасымалданады. 27 шілдеден бастап су жеткізу бойынша арнайы көліктердің жалпы саны 18 бірлікке дейін көбейеді.
Сумен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты өтініштер үшін жедел желілер ұйымдастырылды.
Бірыңғай диспетчерлік қызметтің телефоны: 109.
«Алматы Су» МКК диспетчерлік қызметі: 274-66-66, +7 777 852 91 01.
Ауыз суды (су тасығыштарды) тасымалдау және биотуалеттерді орнату мәселесі бойынша өтінім Медеу ауданы әкімі аппаратының нөмірі бойынша қабылданады: + 7 775 594 90 94.

Анықтама үшін:

Медеу ауданының оңтүстік бөлігіндегі сумен жабдықтау шектелген аймақта 50 көппәтерлі үй, 4 047 жеке тұрғын үй бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға