Жаңалықтар

Медеу Арынбаев "Дариға жүрек" әні әйеліне емес, Назарбаевтың қызына арналғанын мойындады

Медеу Арынбаев "Дариға жүрек" әні әйеліне емес, Назарбаевтың қызына арналғанын мойындады
Фото: Медеу Арынбаев / Дариға Назарбаева 04.12.2023 18:00 38148

Танымал әнші Медеу Арынбаев "Дариға жүрек" әні кімге арналғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші алғашында ән кімге арналғанын білмеген.

"Дариға жүректі" мәжбүрлеп айтқандай айтқанмын. Былай болды, 20 жыл алдын Серік Абас-шах "Хабар" арнасынан телефон соғып, "Медеу, жол жөнекей жолығып кету керек, мынаның ішінде бір ән бар, осыны тыңда да, қолға алу керек, орындау керек, осыған зер сал" деді. Тыңдасам, сөзі әп-әдемі сияқты, бағыты да, бірақ автордың орындаушылық мәнер, шеберлігіне мүлдем сөз жоқ. Жай акапельмен айтып берген. ..."Бұлай хит болады" деп біреу маған айтатын болса, өзіне күліп қарар ма едік?! Өзіміздің жүрегімізді салдық, сәл аяладық, - дейді әнші.

Медеу Арынбаевтың айтуынша, әнді Дариға Назарбаеваға ұжымдастары тарту ретінде ұсынған.

Ол кезде білген жоқпын. Кейін әнді жазып, уф, өткіздім, аңғармаймын. Қазағымыздың Дариға деген қыздары көп қой. Классикалық бағыттағы ән. Сөйтсек, солай екен. Саясат деген сонда жатыр екен. Жарайды, ұжым болып, сый-сияпат жасағаны шығар деп ойладым. Солай екен. Ел өзіме түсіндіріп жатыр. Бейнебаянды түсіруші ұжым Дариға Нұрсұлтанқызына арнау болып тұр. Ашылатын әңгіме. Мұны қашанға құпия сақтайсың?! - деп түсіндірді әнші "Динамен дұрыс" бағдарламасында.

Бұған дейін әнші Медеу Арынбаев әйелінің қазасынан соң неліктен үйленбегенін айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға