Жаңалықтар

Медет Шотабаев Италия Жұлдызы Орденімен марапатталды

 Италия Жұлдызы Орденінің Кавалері атанды
Медет Шотабаев Италия Жұлдызы Орденімен марапатталды
26.03.2018 18:53 9645

Бүгін «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарының бірі – Медет Шотабаев марапатқа ие болды. Ол Италия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуы және итальян тілін насихаттауы үшін Италия Жұлдызы Орденінің Кавалері атанды. Бұл шетелдіктерге арналған жоғары итальяндық марапат. Оның жарты ғасырдан астам тарихы бар. Медет Шотабаев осы уақыттың ішінде әнші командор дәрежесіне ие болған алғашқы қазақстандық.

Әртіс үздік әлемдік сахналарда басты партияларды сәтті орындап келеді. Бразилия, Франция, Финляндия, Румыния ... Жақында ғана солист Братиславадан оралды, ол Словакия ұлттық театрының сахнасында Дж.Вердидің «Травиата» операсында Альфред партиясын тамаша орындады. Солистің өнер көрсетіп жүрген мемлекеттер тізімін ұзақ жалғастыра беруге болады, дегенмен, әнші Отаны – Қазақстанда және жанына жақын болып кеткен Италияда өнер көрсеткен кезде ерекше сезімге бөленеді. Бұл елмен оны көп нәрсе байланыстырады – Рената Тебальди мен Марио дель Монако атындағы академияда оқыды (Пезаро, Италия), осы жерде ол Беньямино Джильи атындағы Халықаралық байқаудың дипломанты атанды (Порто-Реканати, Италия, 2008). Көрермен қауым қазақстандық тенор Медет Шотабевты жақсы көреді, итальяндықтар көшеде танып, қолтаңбасын сұрайды, отбасымен бірге оның өнер көрсетулеріне барады.

– Осынау жоғары марапаттың берілгенін білу мен үшін күтпеген жағдай болды. Ерекше қуанышты сезімдемін, себебі еңбегім еленіп, бағаланды. Осы жылдары жасаған жұмысым еш кетпегеніне қуаныштымын. Италияда көп өнер көрсетемін және бұл елде өзімді еркін сезінемін. Италия Елшілігінің концерттерге қатысу туралы шақыртуларын әрдайым зор қуанышпен қабыл аламын. Жақында итальяндық әріптестерімізбен бірге Астана мен Алматыда музыкалық кеш өткіздік, олар скрипка, альт, фортепианода шеберлікпен ойнады, бірақ әсерлісі – мандолинадағы өнер көрсету болды. Бұл аспаптың вокалмен бірге дыбысталуы ғажап әсер береді, тыңдарман өздерін Италияда жүргендей сезінді. Италия Елшілігі ұйымдастыратын жобаларды қуана қолдаймын, меніңше, бұл да қос ел арасындағы екі жақты қарым-қатынасты нығайтады, - деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев.

Орден шетелде тұратын Италия азаматтары мен шетелдіктерге Италия мен өзге елдердің арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастарды дамытудағы ерен еңбегі үшін табыс етіледі. Марапат Сыртқы істер министрінің Орден кеңесімен бірлескен шешімінен кейін Италия Президентімен тағайындалады. Орден кеңесі Сыртқы істер министрінің төрағалық етуімен 4 мүшеден тұрады.

Сонымен қатар, осы жылы Италия Республикасының Президенті Лючия Бельтрами ханымды (Алматы қаласындағы итальян тілінен сабақ беретін университет ұстазы), Джанкарло Оливьери мырзаны (кәсіпкер әрі Ақсайдағы бұрынғы Италия Мәртебелі Вице-Консулы) марапаттады.

Бұрын осынау жоғары марапатқа Владимир Спиваков, Юрий Темирканов, Лев Додин, Ксения Раппопорт сынды әлемге әйгілі тұлғалар ие болған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға