Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Фуат Сатыбаев ант берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді Фуат Сатыбаев.
Сонымен қатар жалпы отырыста палата депутаттары Фуат Сатыбаевты Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда қаржы пирамидасын құрған әйел сотталды
Келесі жаңалық
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты