Жаңалықтар

Мәжілістің бұрынғы депутаты Ғани Қалиев қайтыс болды

Мәжілістің бұрынғы депутаты Ғани Қалиев қайтыс болды
Фото: baigenews.kz 12.03.2024 17:00 1740

Қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ғани Қалиев 86 жасында бақилық болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғани Қалиев еліміздің саяси өміріне де белсенді араласқан: ҚР Жоғарғы кеңесі мен Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Сонымен қатар «Ауыл» партиясының экс-төрағасы.

Қалиев Ғани Әлімұлы 1938 жылы жылы 19 шілдеде Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында туған.

Мансабын Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы болып бастаған.

1968-84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988-96);

1984-88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры;

1991-96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.

1999 жылдан Парламент Мәжілісінің депутаты.    

«Ауыл» партиясының төрағасы қызметін атқарды. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға