Мәжілісте журналистер «Парламент сөзі» сыйлығымен марапатталды
Мәжілісте журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланып, арнаулы аталымдар бойынша жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Құрамында Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік орган өкілдері кіретін комиссия шешімі бойынша осы жылы жеңімпаздар жеті номинация бойынша сайысқа түсті. Биыл парламенттік сыйлық сегізінші рет тапсырылып отыр.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары мен барша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Журналистер күні тек сіздердің ғана мерекелеріңіз емес, бұл – күллі қоғамның мерекесі. Себебі, қоғамды сіздерсіз, БАҚ өкілдерінсіз елестету мүмкін емес. Біздің жұмысты насихаттап, елге заңдардың мәнін түсіндіретін де сіздер. Сол үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін, – деді Палата Спикері.
Журналистер «Үздік баспа жарияланымы үшін», «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін», «Үздік телевизиялық сюжет үшін», «Үздік бейне-сурет материалы үшін», «Үздік интернет және радио материалы үшін», «Арнайы репортаж». Ал «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы номинациясы «Qazcontent» акционерлік қоғамы мен «Астана» телеарнасының ұжымына табысталды.