Жаңалықтар

Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасына талқыланды

Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасына талқыланды
Фото: t.me/mazhilis_kz 05.05.2023 19:36 873

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінде Үкімет әзірлеп жатқан жаңа Салық кодексінің жобасына алдын ала талқылау өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырысқа депутаттар, Үкімет өкілдері, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Мәди Такиев өз сөзінде өткен жылы салық заңнамасын жетілдіру, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша ауқымды түрде бірлескен жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Комитет басшысы жиында Мемлекет басшысының әділ салық салуды, ел бюджетіне түсетін түсімдердің ұлғаюын қамтамасыз етуге және шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуына жаңа серпін беруге тиіс салық саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын және жаңа Салық кодексін әзірлеу туралы былтырғы тапсырмасы туралы айтты. Мәди Такиев Үкімет пен бизнес-қауымдастықты даулы мәселелер бойынша ортақ пікірге келу үшін жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға шақырды, - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар салық саясатының жекелеген бағыттары мен басқа да мәселелерді тәуелсіз талқылауды қамтамасыз ету үшін депутат Мәжіліс алаңын пайдалануды ұсынды.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов депутаттарға кодекстің жобасын жазу кезінде қолданылатын негізгі тәсілдер туралы баяндады. 

Ең алдымен, бұл салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жиналуын арттыру туралы. Яғни бизнесті салық салынатын базаны кеңейтуге ынталандыруға баса назар аударылады. Салықтық жеңілдіктер нақты мультипликативті әсер алуға бағытталады. Екіншіден, жүктемені жоғары кірісті салаларға ауыстыруға және халықтың ауқатты топтарынан түсетін кірісті арттыруға баса назар аударылады. Заң жобасын әзірлеушілердің пікірінше, бұл салық жүктемесін әділ бөлуді қамтамасыз етеді. Үшіншіден, жобаның халықаралық тәжірибеге сәйкестігін көздеу қажет, - делінген баспасөз хабарламасында.

Тимур Жақсылықовтың айтуынша, өтпелі ережелер мен уақытша нормаларды қамтитын енгізу туралы жеке заңның болуы заң техникасы бойынша көптеген сұрақтар туғызды. Бұл ретте жаңа Салық кодексін 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.

Ұлттық экономика министрлігі жұртшылықпен бірлесіп, кең ауқымды сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін тарта отырып, кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Нәтижесінде мұның бәрі түсінікті, болжамды және ашық салық жүйесін қалыптастыру міндетімен байланысты болуы керек, – деді Тимур Жақсылықов.

Қаржы министрлігінің әзірленіп жатқан жоба бойынша ұстанымын Министрдің орынбасары Ержан Бижанов білдірді. Вице-министрдің айтуынша, салықтық әкімшілендіру тәсілдерін қайта қарау, салықтық бақылауды барынша цифрландыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қаржы министрлігі тіркеу іс-әрекеттерін жаңартуды, салықтық есептілікті ұсынуды, арнайы салық режимдерін реформалауды және электрондық сауданы басқаруды, салықтық тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін әзірлеуді, камералдық бақылауды, салықтық тексерулерді, көлденең мониторингті және қарызды мәжбүрлеп өндіріп алуды қайта қарауды жоспарлап отыр.

Бұл ретте Ержан Біржанов бұл салықтық әкімшілендіруді жаңғырту жөніндегі ұсыныстардың бірінші блогы ғана екенін және барлық процесті жетілдіру бойынша жұмыстар жалғастырылатынын атап өтті. Талқылаудың басқа да қатысушылары үкіметтің ұсынған жаңа салық саясатына қатысты тақырыпты дамытуға қатысты сөз сөйледі.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың пікірінше, жаңа Салық кодексінің қорытынды мақсаты мемлекет пен бизнестің рөлдерін елеулі түрде қайта қарау болуы керек, соның нәтижесінде салық төлеушілер мен мемлекеттік бюджет мүдделері арасындағы теңгерім салық салудың реттеуші-ынталандырушы жүйесін және сервистік-бағдарланған салық қызметін құру арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.

Жиын барысында отырысқа қатысушылар қоғамда талқыланатын салық салу, салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Комитет депутаттары салық саясатын жетілдіру туралы өз көзқарастарын айтты. 

Үкімет Парламентке жаңа Салық кодексінің жобасын 2023 жылдың желтоқсанында енгізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға