Жаңалықтар

Мәжілісте күзетші, вахтер, аспаз мамандарына жәрдемақы төлеу ұсынылды

Мәжілісте күзетші, вахтер, аспаз мамандарына жәрдемақы төлеу ұсынылды
Фото: El.kz 03.05.2023 13:50 1325

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұргүл Тау күзетші, вахтер, аспазға сауықтыру жәрдемақысын төлеуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ол сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады. Оның айтуынша, білім беру ұйымдарының техникалық персоналының жекелеген санаттарына еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақыларын төлеу мәселесін шешу бойынша көптеген өтініш түскен.

 Үкімет қаулысына сәйкес, біліктілігі жоқ жұмысшылар, мысалы, қызметтік үй-жайларды тазалаушылар, аула сыпырушылар, ас үй жұмысшылары, күзетшілер, вахтерлер, кастелляншалар және басқалар борттан тыс қалып жатыр. Өйткені оларға жұмысқа қабылдау кезінде біліктілігін растау талап етілмейді, - дейді мәжілісмен.

Ол бұл санаттар Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне кіргізілмеген. Қызметкерлердің осы санатына ақылы еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді деп айтты.

Ресми статистика көрсеткендей, Қазақстанда 10 871 мектепке дейінгі ұйымдар, 7 550 білім беру мектептері, 724 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, 1 312 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Орта есеппен жобалық қуатына қарай бір білім беру ұйымына негізгі контингенті халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар, көпбалалы аналар, мүгедектер және т.б. құрайтын, жасы 40-тан 60 жасқа дейінгі 10-нан 50-ге дейін біліктілігі жоқ жұмысшылар қызмет көрсетеді, - деп айтты Нұргүл Тау.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға