Мәжілісте Бас прокурор қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді
Фото: kazaknews.kz
Фото: kazaknews.kz
04.01.2023 18:13
1591
5 қаңтар 10:00-де Мәжілістің биылғы алғашқы жалпы отырысы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Отырыста мәжілісмендер «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың ауызша жауабын тыңдайды.
Еске сала кетейік, өткен аптада Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин қаңтар оқиғасына қатысты халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға Бас Прокуратура, тиісті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың басшылары Мәжіліске келіп жауап беруін талап еткен болатын.
Бұдан бөлек сағат 9:00-де ғимарат фойесінде арнайы көрме ұйымдастырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Ойдене» спортын әлемге танытқым келеді – бапкер