Жаңалықтар

Мәжілісмен Ауғанстанмен серіктестік орнатудың тиімді тұстарын атады

Мәжілісмен Ауғанстанмен серіктестік орнатудың тиімді тұстарын атады
Фото: parlam-kz 26.04.2023 14:25 689

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Ауғанстанмен экономикалық серіктестік орнатудың тиімді жақтарын атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Мәжіліс отырысынан кейінгі кулуарда айтты.

Кез келген өзін тәуелсізбін деп таныған мемлекетпен Қазақстанның сауда-саттық, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынас құруға құқығы бар. Сол себепті Ауғанстан болсын, басқа ел болсын, серіктестік жүргізіледі, - деді депутат.

Сондай-ақ депутат екі ел арасындағы қауіпсіздікке де тоқталып өтті.

Елдегі қауіпті мәселелерге жауап беретін құқық қорғау органдары бар. Әрбір мемлекеттің қауіптілігін саралап, олармен экономикалық байланысты үзе беретін болсақ, болашақта мемлекет ретінде экономикалық байланысымыздың, сауда-саттығымыздың, экспортымыздың азаюына алып келеді, - деп түсіндірді.

Оның айтуынша, Ауғанстан Қазақстан сияқты дамыған елдермен тығыз қарым-қатынас орнатса, экономикалық әлеуетін көтеруге мүмкіндігі артады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға