Жаңалықтар

Мәжілісмен Алматыдағы ЖЭО-1-дің экологиялық қауіпсіздік жүйелерімен танысты

Мәжілісмен Алматыдағы ЖЭО-1-дің экологиялық қауіпсіздік жүйелерімен танысты
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 08.01.2025 15:47 263

Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Мәжілістегі «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты Ирина Смирнова №1 Жылу электр орталығының жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, экологиялық мәселелер бойынша партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.

Сапар барысында Ирина Смирнова «АлЭС» АҚ (ЖЭО-1) көздерінде орнатылған шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің жұмысымен танысты. Жүйе экологиялық бақылаудың ашықтығын арттыруға және атмосфераға зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған.

2017 жылдан бастап жылу электр орталығы газға көшті. Бұл зиянды заттардың шығарындыларын ондаған есеге азайтты. Қаланы жылумен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар ұйымдастырылып, жолға қойылды. Дегенмен кадр мәселесінде проблемалар бар. Мұнда өмірлерін осы маңызды іске арнаған отбасылық әулеттер бар. Институт, колледж түлектері іс жүзінде өндіріске келе бермейді, – деді депутат.

Мәжілісмен ЖЭО басшылығымен СО2 сияқты аз мөлшерде шығарылатын газдарды қала кәсіпорындарында пайдалану үшін жинау мүмкіндігін талқылады. Бұл ауаны жақсы тазартуға, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорынның өзі пайда табуына ықпал етеді.

Сондай-ақ мегаполистің экологиялық жағдайын жақсарту үшін кадрлық қамтамасыз ету, экологиялық бастамаларды жүзеге асыру және озық технологияларды енгізу мүмкіндіктеріне қатысты басқа да мәселелер қаралды. Қазақстан Халық партиясы азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға, экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жұмысын жалғастыра береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға