Жаңалықтар

Мәжіліске 7 партиялық тізім бойынша 283 кандидат қатысады

Мәжіліске  7 партиялық тізім бойынша 283 кандидат қатысады
Фото: El.kz 09.02.2023 16:38 2209

ОСК кезекті отырысында екі мәселе шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары бойынша ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров 8 ақпанда кандидаттарды ұсыну аяқталғанын атап өтті.

«Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Олардың 69 депутат – партиялық тізіидер бойынша, 29 депутат бірмандаттық аумақтық округтер бойынша. Құжаттар партиялық тізімдер бойынша ОСК, бірмандаттық аумақтық окургтер бойынша сайланатындар тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсынды», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Парламент Мәжілісіне 7 саяси партия қатысатынын атады. 

«Қазақстан халық партиясынан - 52, «Ақ жол» демократиялық партиясынан - 52, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан – 19, «Байтақ» жасылдар партиясынан -  18, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан – 25, Respublica партиясынан – 25, AMANAT партиясынан – 90 кандидат. Барлығы 7 партиялық тізім бойынша - 283 кандидат», - деді ол.

Отырыста бірмандаттық округтер бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсынуда барлығы 29 округ бойынша 609 кандидат ұсынылғаны айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға