Мәжіліс жаңа Салық кодексі жобасын қарап жатыр (LIVE)

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексі және оған ілеспе салық салу мәселелері бойынша түзетулер жобасын бірінші оқылымда қаралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырыстың тікелей эфирдегі сілтемесі төменде
Ол 822 баптан тұрады және қазіргі Салық кодексі мен оны қолданысқа енгізген заңның күшін жояды.
Кодекс жобасында кейбір салалардағы салық төлеушілер үшін корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесін саралау, өңдеу өнеркәсібін дамытуға және пайданы жаңғыртуға қайта инвестициялауды ынталандыру мақсатымен салықтық шегерімдерді кеңейту көзделген. Сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің санын қысқарту, барлық арнайы салықтық режимдерді оңтайландыру, салық жеңілдіктерін беру жүйесін бақылау мен талдаудың жаңа тәсілдерін енгізу, қымбат мүлікке, алкоголь және темекі өнімдеріне салық мөлшерлемелерін арттыру ұсынылады. Салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған басқа да бірқатар норма мен шара қарастырылған.
