Жаңалықтар

Мәжіліс «Ұлттық қор – балаларға» заңын қабылдады

Мәжіліс «Ұлттық қор – балаларға» заңын қабылдады
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 18.10.2023 11:03 831

Мәжіліс Сенаттың Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер туралы заңға енгізген түзетулерімен келісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заң жобасы Парламент депутаттарының ұсынуына сәйкес 2023 жылы 23 мамырда Мәжілісте енгізілді.

Заң жобасы Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз олардың арнайы жинақтау шоттарына аударуды көздейтін «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу қажеттілігі туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаттары – кәмелетке толған кезде жиналған қаражат есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының өскелең ұрпағын қолдау, - деді Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Мәди Такиев.

2023 жылғы 20 қыркүйекте Мәжіліс қабылдаған заң Сенаттың қарауына жіберілген болатын.

Сенат 13 қазанда заңды қайтарды. Сенат ұсынған түзетулер заңның тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді. Барлығы 10 түзету енгізілді, оның ішінде: редакциялық-нақтылау сипатындағы 5 түзету, Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілеріне сәйкес келтіруді көздейтін заңдық сипаттағы 5 түзету, - деді Такиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға