Мәжіліс спикері президент сайлауында дауыс берді
Спикер өз даусын Астанадағы №110 сайлау учаскесінде берді
Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz
20.11.2022 09:56
1551
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды El.kz.
Спикер өз даусын Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде берді.
Біз барлық өңірді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көрдік. Сайлауға деген қызығушылығы жоғары. Мемлекетіміздің болашағы осы сайлауға байланысты екенін түсінеді. Сондықтан бүгін сайлау учаскелеріне дауыс берушілер өте көп келеді деп ойлаймын. Мен еліміздің болашағы, тұрақты дамуы үшін дауыс бердім, – деді Ерлан Қошанов.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қорғаныс министрі Президенттің кезектен тыс сайлауына қатысты
Келесі жаңалық
Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирдің жеңімпазы атанды