Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов демалысқа кетті
![Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов демалысқа кетті Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов демалысқа кетті](/storage/storage/element/2024/02/06/mainphoto/88374/1200xauto_VD0P9QMSygO4FA6AFKfB7HskJ3K470aFcCuYolt7.png)
Фото: t.me/mazhilis_kz
Фото: t.me/mazhilis_kz
06.02.2024 16:56
794
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қошановтың демалыста екендігі туралы ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі растады.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр лауазымын ақылдасу жиналысына Ерлан Қошанов қатыспады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесуде Президент Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Алматыда өткен жылы бір тоннадан астам есірткі тәркіленді
Келесі жаңалық
Қостанайда қарлы боранда адасып кеткен балықшы табылды