Жаңалықтар

Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары лауазымына Серік Жұманғариннің кандидатурасын мақұлдады

Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары лауазымына Серік Жұманғариннің кандидатурасын мақұлдады
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 02.09.2023 10:25 859

Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары лауазымына Серік Жұманғариннің кандидатурасымен келісім берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметін сілтеме жасап. 

Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Жұманғарин Серік Мақашұлының кандидатурасы келісілді.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралып отыр. 

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға