Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды

Мәжіліс депутаты жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды
Фото: gov.kz 14.07.2023 23:02 1108

Іс-шара аясында америкалық мамандармен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған делегация Вашингтонға жұмыс сапарымен барып, америкалық әріптестермен екіжақты кездесулер өткізіп, оның барысында тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі жан-жақты нығайту бойынша өзара бағытты растады.

Ақ үйде және Мемлекеттік департаментте өткен келіссөздер саясат, қауіпсіздік және сауда саласындағы ең өзекті мәселелер бойынша саяси диалогты одан әрі жандандыруға екі жақтың мүдделілігін растады.

Кездесулерде ҚР делегациясының мүшелері америкалық әріптестерін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалары туралы, соның ішінде қол қойылған заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жөнінде ақпарат берген болатын. Демократиялық реформалардың уақтылы жүргізілгенін құптай отырып, америкалық тарап оларды айнымас қолдайтынын және іс жүзінде жүзеге асыруға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

Ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы танылған көшбасшы бола отырып, қазақстандық делегация келіссөздер барысында Мемлекет басшысының Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасын жүзеге асыру тәсілдерін талқылады.

Конгресс мүшелерімен, оның ішінде Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Майкл Макколлмен, «Қазақстан достары» конгрессіндегі кокустың тең төрағалары Джимми Панетта, Роберт Адерхолт және басқалармен кездесулердің басты назары Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы тұрақты қалыпты сауда қатынастарын орнату және Джексон-Вэник түзетуінің күшін жою процесін белсендіру қажеттілігіне аударылды. Тараптар парламентаралық байланыстарды дамытудың маңыздылығы туралы ортақ пікірге келді.

Сондай-ақ KazAID-тің USAID-пен серіктестігінің әлеуетін атап өткен жөн. Агенттік басшылығымен кездесуде тараптар Транскаспий бағытын дамытуға және Қазақстандағы энергетикалық көшуге қызығушылық танытты.

Делегация мүшелері сонымен қатар жетекші америкалық ой-талқы орталықтары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға