Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Түркиядағы сайлау таралы айтты

Мәжіліс депутаты Түркиядағы сайлау таралы айтты
14.05.2023 15:46 1239

Түркияда өтіп жатқан президент және парламант сайлауында бақылаушы болған жүрген Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бүгін Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлау басталфп, онда бақылау миссиясы атынан бақылаушы боп келген мәжілісмендер Анкарадағы сайлау учаскелерін аралап жүр.
Имам Хатип лицейінде 13 сайлау учаскесі бар екен. Он үш сынып бөлмесіне орналастыра салған, аядай ғана бөлме. Осы учаскелерде үш мыңға жуық адам дауыс береді екен. Учаскелерде ғана емес сайлау бюллетендерінде де ерекшеліктер бар екен. Жалпы, Түркиядағы сайлаудың артықшылықтары мен өзімізге байқалған кемшіліктері туралы алдағы уақытта толықтырып жазамын, - деді депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.
Түркиядағы президент сайлауына үш кандидат қатысып жатыр. Олар қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған және оппозициялық Халықтық-республикалық партияның жетекшісі Кемал Кылычдароглу, сондай-ақ, «Альянс АТА» блогының кандидаты Синан Оган. Сайлауға қатысу үшін 24 саяси партия және 151 тәуелсіз кандидат тіркелген.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға