Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Фото: instagram.com/aibek_payaev
Фото: instagram.com/aibek_payaev
26.10.2022 10:02
1319
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Айбек Паяевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айбек Паяев міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты А. Паяевтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
А. Паяев 2021 жылғы қаңтардан бастап VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. «Қазақстан халық партиясының» тізімі бойынша сайланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әбу Насыр әл-Фараби тұлғасының беймәлім тұстары
Келесі жаңалық
Абат Айымбетов Түркияда үшінші матч қатарынан гол соқты