Жаңалықтар

Мәжіліс депутаттығына сайланатын кандидаттардың сайлау қоры туралы айтылды

Мәжіліс депутаттығына сайланатын кандидаттардың сайлау қоры туралы айтылды
Фото: parlam.kz 27.01.2023 12:15 1567

Бір мандатты окургтер бойынша сайланатын кандидаттардың сайлау қоры 21 млн.теңгені құрайды. Бұл туралы ОСК кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың жеке қаражатын атап өтті.

«Партиялардың жеке қаражаты 5 мың ЕТЖ – 350 млн. теңге. Ерікті қайырмалдықтар 10 мың ЕТЖ – 700 млн.теңге. Бір жеке тұлғадан 100 ЕТЖ – 7 млн.теңгеден аспауы тиіс. Бір заңды тұлғадан 500 ЕТЖ – 35 млн.теңгеден аспауы тиіс. 1 ЕТЖ ең төменгі жалақы 2023 жылы – 70 000 теңге», - деді ол.

Бұдан бөлек, бір мандатты округтер бойынша сайланатын облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қорының жалпы мөлшері 300 ЕТЖ – 21 млн.теңге.

«Кандидаттың жеке қаражаты – 7 млн.теңге, ерікті қайырымдылықтар 200 ЕТЖ – 14 млн.теңге, бір жеке тұлғадан 10 ЕТЖ – 700 мың теңге аспауы тиіс. Бір заңды тұлғадан 25 ЕТЖ 1 млн.750 мың теңгеден аспауы тиіс», - деп айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға