Жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары Тағзым шарасына қатысты

Мәжіліс депутаттары Тағзым шарасына қатысты
31.05.2023 16:22 738

«Respublica» партиясы «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» барлық өңірде, бір уақытта рухани-тағылымдық шара бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Respublica» партиясы 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алу күніне орай, еліміздің барлық аймағында бір уақытта «Тағзым» рухани-тағылымды іс-шарасын өткізді.

Бабаларға тағзым ету және тарихи тұлағалардың еңбегі мен есімдерін дәріптеу  мақсатындағы шараға «Respublica» партиясының тең төрағалары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі және жергілікті мәслихаттардағы партия атынан сайланған депутаттар, орталық аппарат ұжымы, аймақтық филиал төрағалары және белсенді жақтастар мен жастар қатысты.

Ұлт тарихындағы зұлмат жылдарды еске алуға арналған «ТАҒЗЫМ» шарасы аясында партияның барлық өңірдегі өкілдері осы күні Алаш ардақтыларының ескерткіштеріне, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған монументтерге гүл шоқтарын қойып, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ іс-шара барысында тарихи естеліктер айтылды.

Аталған іс-шара елордадан бастау алды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Respublica» партиясы фракциясының мүшелері, Мәжіліс депутаттары Динара Шүкіжанова, Олжас Құспеков, Нұргүл Тау, Динара Наумов және партия орталық аппаратының ұжымы бүгін сағат 8-де Астана қаласының «Қаламгерлер аллеясында» орналасқан «Алаш арыстары» ескерткішіне және «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.  

«Respublica» партиясының сайлауалды бағдарламасында қазақтың тарихи-мәдени мұраларын сақтау және дәріптеу, қоғамдық сананы жаңғырту, ұлтымыздың тарихи-рухани көшбасшылары мен зиялыларының идеологиясына бағдарлану көзделген.

Тарихтан тағылым алу, ұлыларды ұлықтау және ел азаматтарын отансүйгіштікке, бірлік пен тұтастыққа бағыттау – осы бастаманың басты өзегі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға