Жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары отандық контентті дамытуға бағытталған бірқатар шара ұсынды

Мәжіліс депутаттары отандық контентті дамытуға бағытталған бірқатар шара ұсынды
Фото: © ОКҚ 30.11.2023 17:57 859

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және оның үлесін 50-ден 70 пайызға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту арқылы отандық контентті дамытуға бағытталған бірқатар жүйелі шараны ұсынды. Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аида Ғалымқызының сөзінше, сала өкілдерінің пікірін ескере отырып, министрлік кезең-кезеңімен көшуді ұсынады.

Депутаттар ұсынған жаңашылдықтар шетелдік теле-радио бағдарламалардың ретрансляциясын 20 пайыздан 10 пайызға дейін төмендетуге, сондай-ақ өңірлік және балаларға арналған БАҚ-ты қолдаудың бірқатар стандарттарына да қатысты болып отыр. Қазір депутаттар ұсынған түзетулер жұмыс тобының отырыстарында талқылануда, - деді министр.

Заң жобасын әзірлеу барысында сала өкілдерінен түскен барлық ұсыныс ескеріліп, пысықталады. Министрлік заң жобасын бірлесе ашық талқылауға әрдайым дайын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға