Жаңалықтар

«Майысып қояды». Гүлзира Айдарбекованың құдасымен түскен видеосы талқыланды

«Майысып қояды». Гүлзира Айдарбекованың құдасымен түскен видеосы талқыланды
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova 12.06.2024 13:33 618

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы өзінің парақшасында құдасымен түскен видеосын жариялап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айдарбекова отбасы мүшелерімен уақыт өткізген. Продюсер ұлы Заңғар Нұртастың қайнатасымен түскен видеосын салды. Кадрдан құда мен құдағидың еліміздің әсем табиғатына тамсанып тұрғанын көруге болады.

Индиркамның әкетайы, менің құдаммен оқырмандарымның көңіл күйі көтеріңкі болсын TikTok түсіріп тастадық. Құдам риза болсын десеңіздер, алаулатып оттан, лүпілдерден жіберіп қойсаңыздаршы, - деп жазды ол.

Видео желіде қызу талқыға түскен.

«Майысып тұрғаныңызға қарап, екінші көке тауып алған ба деп ойлап қалдық. Жазбаны көріп құдасы екен ғой деп өз-өзіме енді келіп жатырмын. Аман болсын құдаңыз», «Өзіңіздің жігітіңізбен түскенде күшті болар еді, халықтың жаман пікірін тыңдамас едіңіз, бәрібір қызғаныш болады ғой», «Құдағи құрдасыңдай болсын, құдаң шын досыңдай болсын», «Майысып қояды», - деп жазды оқырман қауым.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға