Жаңалықтар

Майқайыңда қаза тапқан төртінші адамның денесі шығарылды

Майқайыңда қаза тапқан төртінші адамның денесі шығарылды
Фото: ҚР ТЖМ 25.07.2024 17:17 1994

25 шілде күні сағат 16:05-те «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерден – 75 метр тереңдіктен 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушының денесі сараптама жүргізу үшін жедел-тергеу тобына берілді. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәлімдеді. Әкім қаза тапқан құтқарушының отбасына көңіл айтты.

Айып Тілеубергеновтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмға иман байлығын берсін.

Іздестіру жұмыстарына әртүрлі мамандар мен сарапшылар, тау-кен ісінің ардагерлері, кинологтар, арнайы техника мен дрондар тартылды, өңірдің барлық авариялық-құтқару қызметтері жұмылдырылды. Жоғалған адамдарды табу үшін күндіз-түні жұмыс істеген барлық жанға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, адамдарды құтқаруға деген үміт қайғыға алмасты, - деді ол.

Айта кетейік, 4 қаңтар күні Майқайың кенішінің жанында жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС құтқарушылары отырған автобус құлап кеткен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға