Жаңалықтар

Майқайыңда опырылған шұңқырдың түбіне техника түсірілді

Майқайыңда опырылған шұңқырдың түбіне техника түсірілді
Фото: t.me/qr_tjm 16.01.2024 22:22 916

«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Автобустың болжамды орналасқан жеріне арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жалғасуда. Осы уақытқа дейін барлығы 200 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

Павлодар облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгін сағат 14:45-те «Майқайың-алтын» АҚ аумағындағы опырылған шұңқырдың түбіне шағын көлемді экскаватор түсірілді. Жұмыстар асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупінің сақталуына байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізілуде.

Жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс құжаттатары және жол-сапар журналы бар құтқарушылардың сөмкесі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлшегі табылды. Іздестіру жалғасуда, - делінген мәліметте.

Автобустың болжамды орналасқан жеріне дейінгі топырақты қазып алу міндеті қойылған шағын экскаватордың жұмысы аяқталғаннан кейін мамандар оны жоғары көтеру жұмыстарын бастайды. Біз бұл жұмыстарды бүгін және ертең аяқтаймыз деп үміттенеміз. 

Іздестіру жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп және 2 бірлік дрон жұмылдырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға