Жаңалықтар

Маймыл шешегіне байланысты жаһандық төтенше жағдай жарияланды

Маймыл шешегіне байланысты жаһандық төтенше жағдай жарияланды
Фото: ©El.kz/Мухтар ХОЛДОРБЕКОВ 15.08.2024 14:55 908

ДДҰ маймыл шешек вирусына байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.

Бүгін Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет жиналып, болып жатқан жайт денсаулық сақтау саласындағы халықаралық мәнге ие төтенше жағдай екенін жеткізді. Бұл мен бұл кеңесті қабылдадым, - деді ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.

Гебрейесустің сөзінше, бүгінде әлемде маймыл шешек індеті дендеп тұр. Биылдың өзінде дертті 14 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 524-і көз жұмды. Африкада және одан тыс жерлерде бұл ауру тез тарап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға