Жаңалықтар

Майдангер қаламгерлердің шығармасы аудиокітап форматында шықты

Майдангер қаламгерлердің шығармасы аудиокітап форматында шықты
Фото: t.me/madenietaqparat 30.04.2025 12:57 130

Жеңістің 80 жылдығына орай Мәдениет және ақпарат министрлігі майдангер қаламгерлердің шығармасын аудиокітап форматында әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство дерегенше, аудиокітаптар қатарына Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», Әди Шәріповтің «Партизан қызы», Дихан Әбіловтің «Майданбек», Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті», Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Тайыр Жароковтың «Зоя туралы жыр» және Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер», Әбу Сәрсенбаевтың «Ақша бұлт» атты еңбектері енді.

Сонымен қатар Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Күткен күн» және Қасым Қайсеновтің «Партизан соқпақтары» шығармаларының аудио-нұсқасы әзірленіп жатыр.

Аталған бастама майдангер қаламгерлердің ұлт руханиятына қосқан үлесін насихаттауға және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталған.

Оқырман аудиокітаптарды Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасынан тыңдай алады.

Кітаптарды М. Болатұлы, Қ. Ахметжанов, Ш. Үркімбаев, Б. Сабыр, Б. Сейітмамытұлы, Б. Бекмағамбетов сынды белгілі дикторлар дыбыстады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға