Жаңалықтар

«Мәтібұлақ» полигонында оқу-жаттығу жиындары өтті

«Мәтібұлақ» полигонында оқу-жаттығу жиындары өтті
Фото: gov.kz 13.10.2023 02:37 864

Далалық жиындардың негізгі мақсаты қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың сипатын ескере отырып, жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру саласындағы білімді бекіту, тәжірибе жинақтау және жетілдіру болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі апта ішінде әскери қызметшілер шартты қарсыластың жердегі және әуе нысандарын жою дағдыларын жетілдірді. Зениттік бөлімшелердің командирлері жауынгерлік есептоптар мен экипаждарды басқаруда қосымша тәжірибе жинай алды.

Жиын барысында әскери қызметшілер атыс курсының негізгі ережелерін жақсы меңгергенін көрсетіп, тактикалық және арнайы дайындық бойынша нормативтерді орындады. Гвардейск гарнизоны әскери қызметшілерінің іс-қимыл үйлесімділігін ерекше атап өткім келеді, – деп түсіндірді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бастығы полковник Арслан Уәлиев.

Далалық жиындарға Гвардейск, Шымкент, Сарыөзек, Тараз гарнизондарынан 300-ден астам әскери қызметші мен 80-ге жуық жауынгерлік және арнайы техника қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға