Жаңалықтар

"Масқара болғанымды айтайын". Айнұр Тұрсынбаева ұятты оқиғасымен бөлісті

"Масқара болғанымды айтайын". Айнұр Тұрсынбаева ұятты оқиғасымен бөлісті
Фото: instagram.com/aidyn_nury 21.12.2023 10:49 8536

Елімізге есімі белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева алғаш сұхбат бергенде ұятты болғанын еске алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Өзінің instagram парақшасына ескі видеоны жүктеп:

Эфир кезінде талай қызық болды ғой, ұят та болса бір масқара болғанымды мен де айтайыншы...  Бір таңғы эфирге ұйқым қанбай барғанмын, жүргізуші "дүниені жақсы көресіз бе?" деп сұрақ қойды... Жүргізушінің өзін састырайын деген болуым керек, "сіз дүниеқоңыз деген сөздің мағынасын білесіз бе" деп айтамын деп, "сіз осы осырақ қоңызды білесіз бе" деппін.... Тікелей эфирде айтқанмын ғой тағы... Жүргізушінің шок болған түрі әлі көз алдымда. Жердің тесігін таппай, сөйлей алмай отырып қалғаным есімде әйтеуір... - деп жазды айтыскер.

Желі қолданушылары өздерінің басынан өткен оқиғаларымен де жарыса бөлісіп жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға