Жаңалықтар

Мәслихат депутаттары Сенат депутаттарын сайлады

Мәслихат депутаттары Сенат депутаттарын сайлады
Фото: El.kz 14.01.2023 18:10 1338

Сенат сайлауы 2022 жылы басталған саяси үдерістің маңызды бөлігі. Парламенттің жоғарғы палатасының жаңарған құрамының қалыптасуы саяси жүйені қайта жаңғырту жолындағы тағы бір қадам болды деп есептейді ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров. Айтуынша, Сенат сайлауы жергiлiктi және республикалық деңгейдегi өкiлдi органдар арасындағы байланысты көрсетеді. 

Мәслихат депутаттары Сенат депутаттарын сайлайды. Бұл халық өкілдерін біртұтас заң шығарушы билік жүйесіне байланыстыратын маңызды тетік. Конституциялық реформа мен референдумнан кейін Сенаттың өкілді рөлі күшейтілді. Енді Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілетті мүшелері сенатор мәртебесін алып, Сенаттағы президенттік квотаның бір бөлігі болды, ол өз кезегінде 10 адамға дейін қысқарды, - деген пікірде. 

Сондай-ақ, ол әр облыстан және республикалық маңызы бар қаладан 2 сенатор сайлануы, Парламенттің жоғарғы палатасында аймақтардың тең өкілдігін алуға мүмкіндік береді деп санайды. 

Яғни, Сенат біртұтас мемлекеттегі аймақтардың теңдігін және әрбір аймақтың мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға қатысуын білдіреді, - деді ол.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға