Жаңалықтар

Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің ІІМ басшылары кездесті

Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің ІІМ басшылары кездесті
Фото: Polisia.kz 20.10.2024 04:16 444

Мәскеу қаласында өткен отырысқа Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев қатысты, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуге ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағында ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының өкілдері де қатысты.

Ведомстволар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Ішкі істер органдарының киберқылмысқа, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы мәселені қарады. Бұдан басқа, министрлер бірлескен шешімге қол қойды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған іс-шаралар белгіленді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға