Мәскеуде Әлихан Бөкейханов туралы кітаптың тұсауы кесілді
Кітап авторы — ресейлік ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Козодой
Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде «Алаш» партиясы көшбасшыларының бірі, қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы «Алихан Букейханов. Человек-эпоха» («Әлихан Бөкейханов. Аңыз адам») кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кітап авторы — ресейлік ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Козодой.
Автор өз еңбегінде дереккөздерді, материалдар мен фактілерді, соның ішінде бұрын ғылыми айналымда пайдаланылмаған мұрағат құжаттарын, естеліктерді, сол жылдардағы газет-журнал беттеріндегі жарияланымдарды пайдаланды.
Бұған дейін кітаптың тұсаукесері Қазақстанның бес қаласында (Астана, Алматы, Павлодар, Семей, Қарағанды) сәтті өткен болатын. Енді, ресейлік ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен Мәскеу қаласында өтті.
