Жаңалықтар

Машина жасау саласын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленеді

Бұл туралы ИИДМ мәлім етті
Машина жасау саласын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленеді
Фото: Үкімет 31.01.2023 13:18 1287

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі машина жасау саласын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірлеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты Индустриялық даму комитетінде автомобиль және ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.

Қазіргі уақытта кешенді жоспарды әзірлеу шеңберінде саланың қазіргі жай-күйіне талдау жүргізіліп, түйткілді мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдары қарастырылуда. Жиын барысында, әсіресе, саладағы кадр тапшылығы мәселесіне ерекше назар аударылды.

«Кадрлық әлеует - кез келген кәсіпорынның жоғары табысының маңызды факторы. Кадрлардың кәсіби даярлығы өнім өндірісін кеңейтуге ықпал етіп, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Бүгінде отандық машина жасау өнеркәсібі жоғары білікті кадрлардың тапшылығы мәселесіне тап болды, енді біз бұл проблеманы шұғыл шешуіміз қажет», ­- деп атап өтті Автомобиль, арнайы техника және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау басқармасының басшысы Руслан Хисамутдинов.

Бұл бағытта кәсіпорын өкілдері оқу және ғылыми ұйымдар арасында тікелей байланыс орнатуды, сонымен бірге орта кәсіптік білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуді ұсынып отыр.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар техниканы жобалау және шығару кезінде өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, экспорттық мүмкіндіктерді дамыту, бизнес тарапынан қарсы міндеттемелер болған жағдайда шикізат пен материалдарды, сондай-ақ жабдықтарды сатып алуға субсидиялар беру мәселелерін көтерді.

Осы ретте кешенді жоспардың негізгі мақсаты нақты өндіріс көлемін ұлғайту, өнімнің жаңа түрлерін өндіру, экспортты арттыру және машина жасау саласындағы дайын өнім импортын азайту екенін атап өткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға