Жаңалықтар

Машина жасау Қазақстан өнеркәсібінің 6%-ын құрайды – вице-министр

Машина жасау Қазақстан өнеркәсібінің 6%-ын құрайды – вице-министр
Фото: kaznaru.edu.kz 11.05.2023 16:04 913

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл шамамен жалпы ішкі өнімнің 1,5%-ын құрайды.

Әрине, бізде алда әлі атқарылатын жұмыстар бар. Салыстыру үшін дамыған елдерде өнеркәсіп өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің орта есеппен 30-50%-ын құрайды. Қазақстандық машина жасау саласы даму үстінде. Салада 3,8 мың кәсіпорын жұмыс істейді. 116 мың адам жұмыспен қамтылған. 2022 жылы өнім шығару көлемі 3,1 трлн теңгеге жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 31,5% өсімді көрсетті, - деді вице-министр.

Ол мұндай өсімге 2022 жылы құны 230 млрд теңгеден асатын 25 инвестициялық жобаның іске қосылуы ықпал еткенін атап өтті. Вице-министр олардың маңыздылары: «Everest Techno» ЖШС сорғы штангалары мен муфталарын өндіру зауыты, «ПетролВалвз Қазақстан» ЖШС бекіту арматурасын өндіру зауыты, «ПСМ Қазақстан» ЖШС бұрандалы сорғылар мен жетектерді өндіру зауыты «Ханиуэль-АСУ» ЖШС басқару шкафтары мен газ детекторларын өндіруді оқшаулау болғанын тілге тиек етті.

Ағымдағы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша сала – өнеркәсіптегі көшбасшылардың бірі. Өндіріс 36% өсті. Көлемі 829 млрд теңгені құрады. Саланың НКИ өсімі – 135,3%. Бұдан басқа, 2023 жылы салада құны шамамен 230 млрд теңге болатын 36 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ең ірі жобалар: «KamLitKZ» ЖШС жүк автомобильдеріне арналған компоненттерді шойын құю зауыты, «Manufacturing-United Energy Qazaqstan» ЖШС жел энергетикалық қондырғыларына арналған мұнаралар өндіру зауыты, «Silk Road Electronics» ЖШС тұрмыстық техника шығару зауыты, «Bolashak Electric» ЖШС жабық жоғары вольтты вакуумдық автоматты ажыратқыштар өндірісі, «Қазақстандық мұнай жабдығы зауыты» ЖШС мобильді бұрғылау қондырғыларын өндіру, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға