Жаңалықтар

Мас жүргізушіні сау етіп көрсеткен наркологтарға сот үкімі шықты

Мас жүргізушіні сау етіп көрсеткен наркологтарға сот үкімі шықты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 17.07.2023 16:30 1100

Медициналық куәландыру нәтижелерін өзгерткен Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айыпталушы М. өзінің қарамағындағы С., М-те және Х-ның баяндамасынан Ш-ның көлік құралын басқару кезінде мас күйінде болғанын және оны әкімшілік жауапкершіліктен заңсыз босату мақсатында С. және М-те наркологтарына куәландыру нәтижелерін өзгертуді тапсырған, - делінген сот материалында.

Оқи отырыңыз:

Айыпталушылар сотта өз кінәсін толық мойындаған.

Сот айыпталушы М-ға Қылмыстық кодекстің 58-бабының 2-бөлімін қолдана отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу арқылы белгілі бір лауазымдарды иелену және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыру жазасын тағайындады. С. және Х-ға қатысты жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл 6 айға, ал М-те 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға