Жаңалықтар

Мас әйел Ақтау-Баку рейсінен түсірілді

Мас әйел Ақтау-Баку рейсінен түсірілді
Фото: ҚР ІІМ 29.01.2025 19:41 324

Мас жолаушы әйел әуежайда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Ақтау-Баку рейсінен түсірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, оқиға Ақтау қаласының әуежайында ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде болған. 49 жастағы қала тұрғыны масаң күйінде болып, әуежайдың тексеру қызметінің инспекторына балағат сөздер айтып, ескертулерге құлақ аспаған.

Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны ұстап, оған қатысты алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, - делінген мәліметте.

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 53-ке жуық ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кесті. Бұл деректердің барлығында құқықбұзушылар заңға немқұрайлы қарап, қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың тыныштығын бұзған. Түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейстерінен 54 жолаушы түсірілді, оның ішінде 31-і қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға