Жаңалықтар

Маржан Қожаева: Сексен жеті этнос өкілдерінен құралған Жамбыл өңірі татулық пен тұрақтылықты ту етті

Маржан Қожаева: Сексен жеті этнос өкілдерінен құралған Жамбыл өңірі татулық пен тұрақтылықты ту етті
03.05.2019 00:00 3766

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына үшінші рет қатысуым. Әр сессия өзіндік басымдығы мен сонылығымен ерекшеленеді. Ал биылғы ХХVII  сессияның орны бөлек - Ассамблея төрағасы, Елбасы Президент ретіндегі өкілеттілігін тоқтатты, Елордамыз қоғамның бірлігі мен этносаралық келісімнің әлемде теңдесі жоқ қазақстандық үлгісін жасаушы Көшбасшымыздың есімімен Нұр-Сұлтан болып атанды.

Төраға Ассамблеяның халық қалауымен беделді конституциялық органға айналғанын атап өтіп, этномәдени бірлестік өкілдерінің алдына үлкен міндеттер жүктеді.

Сексен жеті этнос өкілдерінен құралған миллионнан астам тұрғыны бар Жамбыл өңірі татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жоғары сенімін ақтау жолында облыстағы ассамблея құрылымдары асқан белсенділік пен жауапкершілік таныта отырып, еліміздегі қоғамдық келісім мен әлеуметтік бірлікті нығайтуға бар күш-жігерін аямайтындықтарына сеніміміз мол. 

 

      Маржан Қожаева,

Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға